Содержание
Менің есімім Арман Темірханов, Энза Заден Казахстан компаниясының ашық жерде өсетін дақылдар бойынша сауда өкілімін.
80 жылдық тарихы бар Энза Заден - көкөніс дақылдарының жаңа гибридтері мен сұрыптарын жасап шығаруға маманданған компания. Үш жыл бойы Қазақстан нарығында диқандарымызды жоғары сапалы тұқыммен қамтып келеді. Жыл сайын компания селекционерлері әртүрлі топырақ қыртысы мен климат жағдайларында тұқымның құрғақшылыққа, ауа-райының күрт құбылуы және зиянкестер мен ауруларға төзімдігін тексеріп, бүкіл әлем бойынша, оның арасында Қазақстанда да, сынақтар өткізеді. Көкөніс дақылдары тұқымының жаңа түрін (гибридтер мен сұрыптар) шығаруға 7-8 жыл кетуі мүмкін.
Кәсіпқой диқан әлде әуесқой бақшы болсын, көкөніс өсіргенде ең алдымен тұқым енгіштігі мен тұқым өнуінің күшіне қарайды. Энза Заден компаниясы осы маңызды көрсеткіштер тұрғысынан тұқымының сапасына мұқият көңіл бөледі. Диқандар егін ексең, ұрығыңды сайла деп бекер айтпайды.
Ал сапалы өнімнің сыры жоғары технологиялардың қолдануымен тұқымды ұқыпты әрі көпсатылы өңдеуден өткізу болып отыр. Түйінді пияз, сәбіз, асқабақ пен өзге көкөніс дақылдарының әр сұрыпы мен гибриді арнайы жылулық өңдеу және көпреттік іріктелу мен өлшеуден өтеді. Көп еңбекті қажет ететін бұл жұмыстың басты мақсаты – 95% мөлшерінде ең жоғары сапалы тұқым алу. Бұл тұрғыда компанияның саясаты анық – сапаға келгенде үнемдеуге болмайды. Энза Заден генетикалық жетілдірілген өнімдерді қолданбайды, қоршаған ортаның қауіпсіздігіне қатысты Еуропалық Одақтың қатал талаптарын сақтап, тек селекцияның дәстүрлі технологияларын пайдаланып, жұмыс істейді.
Мен Алматы, Жамбыл, Павлодар және Шығыс-Қазақстан облыстарын қамтитын еліміздің оңтүстік-шығыс бөлігінде жетекшілік етемін. Компаниямызда жұмыс жауапкершілігі аумақтар мен жетекшілік ететін дақылдар (пияз, сәбіз, қызанақ, асқабақ, ақбас пен гүлді қырыққабат) бойынша бөлінген. Әр өңірдің дара ерекшеліктері бар. Мысалы Павлодар облысында өсірілетін көкөніс арасында басым орынды сәбіз, ал Жамбыл облысында түйінді пияз алып тұр.
«Энза Заден Казахстан» компаниясына 2018-жылы шілде айында жұмысқа орналастым. Сол кезде тұтынушылар бізді тек біле бастағандықтан, алғашында маған көкөніс өсірумен айналысатын диқандармен тіл табысу оңайға түскен жоқ. Ашық жерде өңетін дақылдардың тұқымын сатудың негізгі маусымы жылдың бірінші тоқсанына келеді. Ай сайын іссапарға шығып, кең байтақ елімізді аралап, тракторға мінген әлде қолына кетпен ұстаған әр шаруаға жолығатынмын. Осылайша талай кісімен танысып, көбісімен достасып алдым. Өнімдеріміз туралы айтып, визиткаларымды тараттым. Алғашында диқандар тұқымымызға күмәнмен қарайтын, өйткені компаниямыз туралы, дәлірек айтқанда оның Қазақстан нарығында жұмыс істейтінін білмейтін. Көбісі компаниямыз жылыжайларға арналған қызанақтарға маманданған деп санайтын. Қазірде Энза Заден қияр, қызанақ, пияздан бастап қауынға дейін көкөністің алуан түрлі тұқымын ұсынып отыр. Диқандар аты аңызға айналған Буран F1 және Лоджейн F1 гибридтері арқасында компаниямызды танитын. Энза Заден Қазақстан нарығында сауда бөлімін ашпай тұрған кезде-ақ, қызанақтың бұл түрлері Орталық Азия мен Қазақстанда жақсы өтетін. Өзгелермен салыстырғанда артықшылығы: мол өнім беріп, ерте піседі, күтімі оңай әрі ұзақ сақталады. Ал ең бастысы дәмі де керемет. Диқандарымыз әлі күнге дейін қызанақтың осы түрлерінің тұқымын сатып алуға құштар. Көкөністі Магнум сауда жүйесінде сатып алып жүрсеңіз, осы қызанақтарымыздың дәмі сізге таныс. Әсіресе көтерме саудаға маманданған Алматыдағы Алтын Орда базары оны ұнатады. Бұл базарға бүкіл Қазақстаннан орасан зор мөлшерде көкөніс жеткізіліп жүр.
Мен жауапты өңірде, көкөніс дақылдары арасында, Жамбыл облысында (Қордай, Шу) және Алматы облысында (Шеңгелді) түйінді пияз басым. Биыл бұл аймақтарда пияз 20 000 гектардан асатын ауданға егілген.
Өткен жылы Еуропада болған қуаңшылыққа байланысты қазақстандық пияз Еуроодақ нарығын жаулап алды. Еліміз 70 мыңнан аса тонна түйінді пиязды экспортқа шығарып, жаңа рекордтық көрсеткішке жетті. Әдетте Қазақстан жылына 40 пен 55 мың тонна аралығында пиязды шетелге сататын.
Биыл біз Алматы облысы Шеңгелді ауылындағы «Баур» шаруа қожалығы, Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы «Шарипов» шаруа қожалығы және Қордай ауданындағы «ХанАгро» шаруа қожалығы егістерінде топырақ қыртысы мен климаттың әртүрлі жағдайларында тұқымымыздың жаңа тізбегін сынақтан өткіздік. Оның нәтижесі күткеннің бәрінен асып түсті! Шаруа қожалықтары мәліметінің негізінде «Егін күндерін» өткізіп, диқандар мен сауда жүйелерінің өкілдеріне Энза Заден компаниясы шығарған гибридтердің жаңа буынын ұсындық. Жаңа маусым алдында аудандық әкімшіліктерде семинар ұйымдастырдық.
Осы мүмкіндігімді пайдаланып, Жамбыл мен Алматы облысының жергілікті атқарушы билік органдарына, орын бергені үшін және диқандардың басын қосуға көрсеткен қолдауы үшін, алғыс білдіргім келеді.
«Ұзынқұлақ» пен ірі қожалықтардың нұсқауы арқасында пияз саудамыз шарықтап кетті. Көбісі бізді біліп, бәсекелестеріміз Арман деген кім деп сұрайтын болды.
Жалпы пияз өсіруде әр маусым әркелкі келеді. Нарықта қандай баға қалыптасатынын болжау қиын. Менің жолып болып, жұмысымның алғашқы жылы диқандарымыз үшін табысты болып, көбісі экспорттың арқасында мол пайдаға кенелді. Әдетте Қазақстан ішкі нарығының қажетін толық жауып, артылған өнімді Ресейге шығаратын. Бұрын килограмын 50-60 теңгеден сатса, сол жылы жоғары бағамен - 110-120 теңгеден өткізген. Алайда кейбір жылдары диқандар өз құнынан төмен сатуға, тіпті тез бұзылатындықтан, құр далаға тастауға мәжбүр болған.
Ең алдымен тұқым сапасына және пияз гибридінің мол өнім алу мен ұзақ сақталу қасиеттеріне назар аудару керек. Түйінді пияз өсіру көп еңбекті және ерекше күтімді қажет етеді. Ауыл шаруашылық саласында жұмыс істеп, диқандармен араласқандықтан кәсібі өте ауыр екенін түсінесің. Таң атқаннан күн батқанша дейін егісте жүреді. Лайықты жеміс алудың басты факторы –агротехнологиялық процестердің барлығын бұлжытпай орындау. Былтырғыдай биыл да пияздың ерте пісетін Ятоба F1 мен Бонус F1 гибридтеріне сұраныс жоғары болды. 90-95 күнде өнетін бұл гибридтер өзгелерден ерте нарыққа шығып, жоғары бағамен сатылады. Өнімі мол шығып, құрғақшылық пен аптап ыстыққа шыдайтындықтан пияздың бұл түрлері диқандарымыздың көбісінің көңілінен шыққан. Тауарлық қасиеттері де керемет: біркелкі мөлшері әрі әдемі дөңгелек пішінімен бірден көзге түседі.
110-115 күнде өнетін Каоба F1 гибриді он жылдан аса Қазақстанда егілетін өзге компаниялардың пиязын біртіндеп ығыстырып жүргенін айтып кету керек. Өйткені бұл гибридті ұзақ сақтап, механикалық құралдармен жинауға болады. Жұмыс күші қымбаттағандықтан, бұл қасиеті диқандар үшін бүгінде өзекті болып тұр.
Карантин кезінде жазған осы мақаламның соңында, диқандарымызға зор денсаулық, мықты шыдам және мол өнім жинап, оны жоғары бағамен сатуын тілеймін! Компаниямыз Қазақстанның көкөніс өсіру саласының болашағы мен әлеуетіне сенімді. Әрине біз бұл салаға инновациялар ендіруге белсенді түрде қатысуға ниеттіміз.
Enza Zaden селекциясының тұқымдарынан өнген көкөніспен кәсіптеріңіз тек өрлей берсін!