Содержание
2020 жылдың 15 наурызы. Бұл күні Қазақстан тұрғындарының көбісінде күнделікті тұрмыс дәстүрі күрт өзгеріп кетті. Шектеулер көңіл-күйімізге қалай әсер ететіні жөнінде бұрын тіпті ойланбайтын едік. Айналамыз коронавирус пен карантин туралы жаңалыққа толып кеткен кезде, халық аты жаман аурудан көңіл аударатын жақсы хабар білгісі келеді.
Жұмыс пен дүкеннен өзге жерге шықпайтын болдық.
Ал супермаркетке барғанда алша пішіндес Ардилес, коктейльдi Аннаиса мен черри Сакура атты қызанақ түрлері бірден көзге түседі. Мұның бәрі - "Энза Заден Қазақстан" тұқымынан өнген өнім. Компаниямыздың гибридтерін Грейп ТОО БРБ АПК, Қазақстанның Жылыжай Технологиялары брендтерінен тануға болады.
Әр тұтынушы компаниямыздың кең ассортиментінен өз талғамына сай өнім таңдай алады. Жаңа піскен дәмді әрі шырынды қызанақтар ересек адамдармен қатар, балаларға да ұнайды. Әдемі жемістерін көріп, балаңыз да міндетті түрде дәмін татқысы келеді.
Карантин витамин жетіспейтін маусым кезінде жарияланды. Адам ағзасын қалыпта ұстау үшін сапалы әрі үйлестірілген тағам қажет, құрамында міндетті түрде көкөніс болуы тиіс. Өздеріңіз бен балаларыңыздың денсаулығына пайдалы ас дайындауға компаниямыздың көкөнісінің кең ассортименті көмектеседі.
Бәрімізге де көкөністі қайда өсіріп, кім оны жеткізіп тұратыны туралы ой келген шығар. Оны елімізге Қытайдан немесе Өзбекстаннан әкелетінін жиі естиміз. Алайда қысқы кезде біз Қазақстанда өсірілген көкөністі жейтінімізді білсе, көбісі таң қалатыны анық. Еліміздің түрлі қалаларында орналасқан жылыжай кешендері бізді жаңа піскен көкөніспен қамтып тұрады.
Жылыжай – күн сәулелерін өткізетін әрі жылыту, қосымша жасанды жарықтандыру және тиісті микроклиматты сақтап тұратын жүйелермен жабдықталған шыны құрылғы.
Тарихшылар алғашқы жылыжайлар ежелгі Римде пайда болғанынын анықтаған. Қиярды өте ұнататын Рим императоры Тиберийдің күніне бір қияр жеу әдеті болған екен. Дастарханына күн сайын жаңа піскен көкөністі жеткізу үшін бақшылар жыл бойы қияр өсірудің өзіндік жүйесін ойлап тапқан.
XIII ғасырда Италияда ыстық жақтан зерттеушілер әкелетін экзотикалық өсімдіктерді орналастыру үшін жылыжайлар салынды. Сол кезде Ботаникалық бақ деген атау да шыққан. Француздар өздерінің алғашқы "өсімдіктерге арналған үйлерін" оранжерея деп атаған. Өйткені ол өз тілінде оранж деп аталатын апельсин ағаштарын суықтан қорғау үшін салынған болатын. Ресейде жылыжайлар Бірінші Петр патшаның арқасында пайда болды. Ол қала тұрғындарына қажетті шипалы өсімдіктер өсіру үшін Дәріханалық бақша салуды бұйырған. Ал XVIII ғасырдың басында зәулім сарайлар мен бай үйлердің құрамдас бөлігі ретінде кең тараған нағыз жылыжайлар салына бастады.
Алайда жабық қорғалған топырақта көкөніс өсірудің нағыз өрлеуі XIX ғасырдың бірінші жартысында басталып, шыны өндірісінің едәуір арзандауымен байланысты болған. Тап сол кезде жылыжайларда өсіруге арналған көкөніс түрлерін шығару басталды. Сол кезге дейін тек байлардың ермегі болған жылыжайлар қарапайым шаруалардың қожалықтарында көптеп пайда болды.
Бүгінде Қазақстанда жыл бойы көкөніс өсіруге мүмкіндік беретін 200 гектар өндірістік жылыжай бар. Олардың арқасында, қосалқы химиялық құралдарды қолданбай, адамға пайдалы өсімдіктердің көбісін экологиялық таза ортада өсіреді. Enza Zaden жылыжайларға арналған көкөніс дақылдары тұқымдарының кең ассортиментін ұсынып отыр. Арасындағы ең танымалы: қызанақтың Кампари гибриді, бұрыштың Маранелло гибриді, қиярдың Бьёрн мен Тристан гибриді. Олардың көбісін базарлар мен дүкендерден сатып алып, дәмін татқан боларсыз. Компаниямыздың тұқымынан өнген көкөніс өте дәмді, құрамындағы жасұнық пен витаминдердің молдығы жемістерінің ашық әрі қанық түсінен білініп тұр.
Көкөніс - адам ағзасының бүкіл мүшесін сау әрі белсенді күйде сақтап тұратын тағамның ажырамас бөлігі, сонымен қатар ауыр сырқаттарды тудыратын қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайды.
"Энза Заден Казахстан" компаниясы Сізге зор денсаулық пен тамаша көңіл-күй тілейді!