Жемісті өңір

Содержание

Жемісті өңір

Жемісті өңір

Карантин басталғалы үш апта өтті. Бос уақытты пайдаланып, мен, Халид Алипашаев,  Энза Заден Қазақстан компаниясының үлдірлі жылыжайлар саласындағы өкілі ретінде компаниямыздың жетістіктерімен бөлісіп, Түркістан облысымен (Шымкент, Сарыағаш, Түркістан) қалай танысқанымды баяндағым келеді. Бұл - көкөніс өсіру бойынша Қазақстанның ең маңызды өңірі.

Энза Заден компаниясының Түркістан облысымен байланысы

Энза Заден – көкөніс дақылдарының тұқымын өндіріп, бүкіл әлем бойынша оны сатумен айналысатын компания. 2018-жылдың желтоқсан айында Энза Заден Қазақстанда сауда кеңсесін ашты. Оқырмандарымыздың көбісі біздің тұқымымыздан өнген қызанақ, қияр, бұрыш, салат пен өзге көкөністің дәмі жақсы таныс екенін біле бермейді. Ғылыми зерттеулер өткізіп, компаниямыз жыл сайын нарыққа ең үздік гибридтер енгізіп келеді. Ол - Оңтүстік Қазақстанның жағдайына бейімделген және барынша мол өнім беретін тұқым түрлері.

Түркістан облысы – Қазақстанда көкөніс өсіретін ең ірі аймақ, мұнда жылыжайлар мен егістік жердің ауданы жылдан жылға артып келеді. Бұған өңірдің ауа-райы мен жергілікті тұрғындардың еңбекқорлығы түрткі болып отыр.

2012-жылдан бері Шымкент қаласында өндірістік жылыжайлар қарқынды салынып, бүгінгі күнде ол көкөністі өсіріп, экспортқа шығаратын ең ірі аймақтардың біріне айналды.

Түркістан ашық жерде қызанақ өсіруден алдыңғы орында тұр. Ал мұндағы егістердің басым бөлігін біздің Лоджейн және Бехрам гибридтері алып жатыр.

Сарыағаш – жылыжайларда қызанақ пен қиярды ең көп өндіретін аймақ. 2019-жылдың күзінде өткізген сынақ нәтижесінде компания Оңтүстік Қазақстанның жағдайына мінсіз сай келетін қызанақтың Лиденза F1 және Тайпинк F1 гибридтерін нарыққа шығарды. Қиярға келетін болсақ, негізінен өнімділігі жоғары, түсі қанық жасыл, ұзақ сақталатын және тасымалдауға ыңғайлы корнишон түріндегі өнімге сұраныс мол. Бұл қасиеттерге Северин F1, Бьерн F1 және Седрик F1 гибридтері барынша сәйкес келеді.

Нарығымыз үшін ең үздік Баялды мен Болгар бұрыштың түрлері:

Сарыағашты көргендегі алғашқы әсерім

2019 жылдың тамыз айының ортасы. Күн шуағы жайылып, айналаға жылу сыйлады. Асудан өткенде ала түске боялған тау мен жазық даланың керемет көрінісі мен ауаның тұнығына таң қаласың. 

Ал қалаға кірерде жол бойына тізілген жылыжайлар бірден көзге түседі. Жергілікті тұрғындардың көбісі ауыл шаруашылығымен айналысады.

Алайда жолдарындағы қозғалысты айтып кетпесем болмас. Кейбір жүргізушілер бұрылыс белгісін қоспайды, үнемі дабылдатып, бағдаршамға елемей жүреді. Сол кезде көлік игеру тәжірибем аз болғандықтан, осындай жүргізушілердің қимылын болжауға қатты қиналдым. Бәріне мін тағар ойым жоқ, бірақ бұл сәтті пайдаланып, жүргізушілерге айтар сөзім бар: «Жолда жүру ережелерін сақтауларыңызды өтінемін!».

Ал соңында айтқым келгені, Қазақстан нарығына қатысты ұзақ мерзімді жоспары бар Энза Заден компаниясы жыл сайын жетілдірілген жаңа гибридтерді нарыққа шығарып, фермерлерге мол өнім жинауға көмектесіп келеді. Бұл - ауа-райымызға барынша бейімделген, күтімі оңай жоғары сапалы тұқым.

Энза Заден компаниясының барлық серіктестеріне, фермерлерге, дилерлерге және дистрибьютерлерге үнемі көрсетіп келетін қолдауыңыз бен жемісті ынтымақтастығымыз үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Бірлесіп міндетті түрде табысқа жетеміз!

Халид Алипашаев
Түркістан облысындағы компанияның сауда өкілі