Қос өнім алу нарық талабы

Содержание

Қос өнім алу нарық талабы

Қос өнім алу нарық талабы

Түркістан облысының Мырзашөл өңірінде карантин басталғалы  шамамен бір ай өтті. Бұл егіс науқанының кезі болғандықтан, Энза Заден Қазақстан компаниясының Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандарындағы өкілі ретінде жинақтаған тәжірибемен бөліскім келеді.

Өздеріңізге белгілі Мырзашөл өңірі Оңтүстіктің жүрегі іспетті. Мұнда диқан – шаруалар жылына 12 ай бойы еңбек етеді. Егістерінде жер жыртудан бастап өнімді жинап, пұлдағанша тыным таппайды.

Қазіргі таңда нарық талабына сай бұл өңір мақта өсірумен ғана шектеліп қоймай, көкөніс және бақша дақылдарын егуді де мықтап қолға алған. Осы ретте Энза Заден Қазақстан компаниясы және Нұр-О шаруа қожалығы бірлесіп жүргізген жылына 2 мәрте өнім алу жобасының кейбір маңызды тұстарымен таныстыра кетейін.

Сонымен, қырыққабаттың Радан F1 ерте пісетін гибридiн көшет түрінде отырғызып, 55  күннен кейін, яғни 25-ші сәуірде өнім жинадық. Айта кетер бір жайт Радан F1 қырыққабаты ерте өнім бергенімен қоса, қаудандары өте тығыз, салмақты (орташа 2 кг) және біркелкі өнеді. Бұл қасиеттері жергілікті  диқан - шаруалардың көңілінен шықты. 

Сонымен қатар, Энза Заден Қазақстан компаниясының қауынының ерте пісетін Дакаро F1 және Донперо F1 гибридтерiн көшет күйінде ектік. Дакаро F1 қауыны 54 күнде өніп, орташа салмағы 2-2,5 кг шамасында болған. Әр түбінде 4-5, ал кейбір жерлерінде тіпті 6-7 қауын салған.

Ал Донперо F1 қауыны 75 күнде өнді. Орташа салмағы 5-7,5 кг шамасында болып, әр түпте 3-4 қауыннан өнім берді.

Энза Заден Қазақстан компаниясының қауын гибридтерiнiң сұрыптардан ерекшелігі  - ерте піседі, түрлі ауруларға төзімді және өнімдері біркелкі шығады.

Былтырғы жылы жауын шашын мол жауғандықтан, өсімдіктің  түрлі аурулары бақша дақылдарына зор нұқсан келтірді. Шаруаларға апта сайын оны түрлі фунгицидтермен өңдеп отыруына тура келді. Әрине, бұл жағдай шығындарын көбейтіп жіберді. Ал өз кезегінде Энза Заден Қазақстан компаниясының қауын гибридтерінде мұндай жағдай байқалған жоқ. Бұл -  Энза Заден  компаниясы селекционерлерінің ұзақ жылдық жұмысының жемісті нәтижесі. Сондықтан оларға  айтар алғысым шексіз.

Қорытындылай келе 2019 жылы Нұр-О шаруа қожалығымен өткізген тәжірибеміз табысты болғанын айта келе,  биыл да мұны  қолданып отырған шаруаларға мол өнім тілеймін. Біз жоғарыда бөліскен тәжірибемен шектеліп қоймай, биыл Мырзашөл өңірінде бір жылда 3 мәрте өнім алу тәжірибесін бастап кеттік. Алдағы уақытта осы  тәжірибемен де бөлісуге дайынмын. Биылғы жыл өнімді де табысты жыл болсын.

Данияр Дүйсенбеков
Оңтүстік Қазақстан аймағы бойынша сауда өкілі